$ 489.17  576.63  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген орынға төккен жүк көлігі камераға түсіп қалды

Құрылыс қалдықтарын заңсыз төгу дерегі анықталды

Астанада құрылыс қалдықтарын рұқсат етілмеген орынға төккен жүк көлігі камераға түсіп қалды
Фото: Астана ПД/Видеодан скрин

Астанада полиция қызметкерлері қала аумағын мониторингілеу барысында құрылыс қалдықтарын заңсыз төгу дерегін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

HOWO маркалы жүк көлігінің жүргізушісі Ш.Айтматов көшесі бойымен келе жатып, көлік құралын арнайы белгіленбеген жерге тоқтатып, құрылыс қоқысын төккен. Осылайша ол қаланың абаттандыру қағидаларын бұзған.

«Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілік шарасы қолданылды.

Полиция құрылыс және тұрмыстық қалдықтарды шығару мен кәдеге жарату тек арнайы белгіленген орындарда жүзеге асырылуы тиіс екенін еске салады. Абаттандыру қағидаларын сақтау – әрбір тұрғынның қаланың тазалығы, тәртібі және экологиялық қауіпсіздігіне қосқан үлесі», – делінген ПД хабарламасында.

Полиция қызметкерлері азаматтар мен ұйым өкілдерін қаланың санитарлық жағдайына жауапкершілікпен қарап, табиғатты қорғау заңнамасын бұзбауға шақырады.