$ 489.99  580.25  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Боран мен көктайғақ: үш облыста республикалық жолдар жабылды

Ақмола, Қостанай және СҚО-да бірқатар бағыттарда көлік қозғалысы шектелді

Боран мен көктайғақ: үш облыста республикалық жолдар жабылды
Фото: istockphoto.com

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ мәліметіне сілтеме жасап.

Ұлттық компания дерегінше, боран, көктайғақ және көріну деңгейінің төмендеуі салдарынан 3 облыстағы бірқатар бағыттарда көлік қозғалысына шектеу енгізілген.

Ақмола облысында қозғалыс мына учаскелерде жабық: Қостанай облысының шекарасы — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы, Көкшетау — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы, Көкшетау — Атбасар, Щучинск — Зеренді, Щучинск — Көкшетау, Қостанай облысының шекарасы — Сұрған ауылы, Ақсай — Бұзылық бағыттары.

Қостанай облысында Ұзынкөл — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы, Арқалық — Ақмола облысының шекарасы, Сарыкөл — Солтүстік Қазақстан облысының шекарасы және Әулиекөл — Ақмола облысының шекарасы учаскелерінде көлік қозғалысы шектелген.

Солтүстік Қазақстан облысында Ақмола облысының шекарасы — РФ шекарасы, Ақмола облысының шекарасы — Рузаевка, Ақмола облысының шекарасы — Новоишимское, Рузаевка — Қостанай облысының шекарасы, Петропавл — Мамлютка бағыттарында қозғалыс уақытша тоқтатылды.

Жол қызметтері жағдайды тұрақтандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алайда қарлы боран мен көктайғақ жолдағы қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіріп отыр. Мамандар алыс жолға шықпауға, ауа райы жақсарғанша сапарды кейінге қалдыруға кеңес береді.