$ 491.97  583.77  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтауда әскери қызметкер көз жұмды: Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жүріп жатыр

Ақтауда әскери қызметкер көз жұмды: Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады
Фото: istockphoto.com

Ақтауда әскери қызметкер көз жұмды. Қайғылы оқиғаға байланысты Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор, Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің бастығы барды.

«Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды. Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды.

Істің тергелу барысы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тарапынан бақылауға алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды», – делінген Бас прокуратураның хабарламасында.