Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолына кімдер шығады
Қазақстан атынан фристайл-акробатика өкілдері сынға түседі
Бүгін, 17 ақпан күні Италияда 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының кезекті жарыс күні өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан атынан фристайл-акробатика өкілдері сынға түседі. Сондай-ақ қоссайыс шебері Шыңғыс Ракпаров екінші жарысын өткізеді. Ал Софья Самоделкина Олимпиадада алғаш рет бақ сынайды.
Спорт түрі: шаңғы қоссайысы, үлкен тұғыр;
Қатысушы: Шыңғыс Ракпаров;
Уақыты: 14:00
Спорт түрі: фристайл-акробатика, іріктеу кезеңі (әйелдер)
Қатысушы: Аяна Жолдас
Уақыты: 14:45 (1-іріктеу), 15:30 (2-іріктеу)
Спорт түрі: Фристайл-акробатика, іріктеу кезеңі (ерлер);
Қатысушылар: Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов;
Уақыты: 17:30 (1-іріктеу), 18:15 (2-іріктеу).
Спорт түрі: Шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы;
Қатысушы: Шыңғыс Ракпаров;
Уақыты: 17:45.
Спорт түрі: мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (әйелдер);
Қатысушы: Софья Самоделкина;
Уақыты: 22:45.