$ 491.97  583.77  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда 19 жүргізуші күтпеген жерден көлік айдау құқығынан айырылып қалды

Олар қарсы бағытқа шығып кеткен

Павлодарда 19 жүргізуші күтпеген жерден көлік айдау құқығынан айырылып қалды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Павлодар облысында жыл басынан бері 19 жүргізуші күтпеген жерден көлік айдау құқығынан айырылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қарсы қозғалыс жолағына шығу – жол-көлік оқиғасына әкеп соғуы мүмкін ең өрескел әрі қауіпті құқық бұзушылықтардың бірі. Себебі қарсы жолақта келе жатқан жүргізушілер мұндай қауіпке дайын болмайды.

«Жылдың басынан бері қарсы қозғалыс жолағына шыққаны үшін 19 жүргізуші жауапкершілікке тартылып, 6 ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылды. Жүргізуші куәлігінен айырылу да кейбір азаматтарды тоқтатпай отыр. Олар жол белгілері мен жолдың тұтас сызықтарына қарамастан, қарсы бағытқа шығып, басып озу маневрін жасап, өз өміріне ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларының қауіпсіздігіне де қатер төндіреді», – деп хабарлайды Павлодар облысы Полиция департаменті.