$ 496  588.01  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Он екі жылға сотталуы мүмкін»: Шымкентте есірткі сатып жүрген ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Ол есірткіні интернет арқылы таратып, ақысын электронды төлем жүйелері арқылы алып отырған

«Он екі жылға сотталуы мүмкін»: Шымкентте есірткі сатып жүрген ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Фото: Шымкент ПД/Видеодан скрин

Шымкентте аса ірі мөлшерде есірткі өткізумен айналысқан күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Тексеру кезінде ер адамнан таратуға дайындалған ұнтақ түріндегі зат салынған орамалар тәркіленді.

Күдіктінің уақытша тұрып жатқан мекенжайына жүргізілген тінту барысында психотроптық заттардың қосымша партиялары және оларды бөліп-орауға арналған құралдар табылды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 250 грамнан асты.

«Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдікті есірткі заттарын интернет-мессенджер арқылы таратып, ақысын электронды төлем жүйелері арқылы алып отырған. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған жайт бойынша тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Полиция есірткі заттарын заңсыз өткізу үшін заңнамада ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді», – делінген ПД хабарламасында.