Қазақстанда алдағы күндері 20 градус жылы болады
Солтүстік өңірлерде 23 градус аяз болады
«Қазгидромет» РМК алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш тәулікте Орал таулары маңынан жылжып келе жатқан циклон Қазақстан аумағы арқылы өтіп, жауын-шашын, көктайғақ құбылыстары, желдің күшеюі және боран туғызады.
18 ақпаннан бастап циклонның тылына Хельсинки маңынан жылжып келе жатқан антициклон тарай бастайды, бұл еліміздің солтүстігінде ауа температурасының төмендеуіне және жауын-шашынның біртіндеп тоқтауына әкеледі.
«Республиканың солтүстігінде түнгі уақытта ауа температурасы 18-23 градус аязға дейін төмендейді, ал оңтүстік өңірлерде, керісінше, күндіз ауа температурасы 15-20 градус жылыға дейін көтеріледі. Бұл Қара теңіз маңынан жылжып келе жатқан кезекті циклонның әсерімен байланысты болады», – делінген синоптиктердің болжамында.