$ 496  588.01  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астана тұрғыны шетелден көлік сатып аламын деп 16 млн теңгесінен айырылып қалды

Онлайн автокөлік сатып алудың арты 16 млн теңгеге алаяқтық болып шықты

Астана тұрғыны шетелден көлік сатып аламын деп 16 млн теңгесінен айырылып қалды
Фото: istockphoto.com

Астана қаласының тұрғыны шетелден көлік сатып аламын деп алаяқтарға алданып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық прокуратураның мәліметінше, екі қылмыскер өздерін шетелден көлік тасымалдайтын делдал ретінде таныстырып, көлік сатып алуға және өзге де шығындарға жәбірленушіні 16 млн теңге аударуға көндірген.

Алаяқтар хабар алмасуды ойдан шығарылған мәліметтерді қолдана отырып, мессенджер арқылы жүзеге асырған. Жәбірленуші автокөлікті де, ақшаны да ала алмай қалған.

«Сот үкімімен кінәлі тұлғаларға 5 жыл және 6 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушінің залалды өндіру туралы азаматтық талап арызы қанағаттандырылды.

Қала прокуратурасы – алаяқтық үшінмүлікті тәркілеу арқылы 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгеніне назар аударады», – делінген прокуратура хабарламасында.