$ 494.28  587.06  6.4
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үржарда жүргізуші куәлігінен айырылған әйел мас күйінде көлік жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталды

Ол 2024 жылы жүргізуші куәлігінен айырылған

Үржарда жүргізуші куәлігінен айырылған әйел мас күйінде көлік жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталды
Фото: Видеодан скрин

Абай облысының Үржар ауданында Абылайхан көшесінің бойында 38 жастағы әйел адам ішімдік ішкен күйде көлік жүргізіп бара жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлері аталмыш мекенжайда BMW маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізушімен әңгімелесу барысында тәртіп сақшылары алкоголь иісін байқаған.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, әйелдің жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйінде болғаны анықталды. Сондай-ақ, 2024 жылғы Үржар аудандық сотының үкіміне сәйкес, оның 7 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны белгілі болды.

«Көлік жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік мас күйінде болған адамның автокөлік басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктіге қатысты процессуалдық мәжбүрлеу шарасы – ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрі қолданылды.

Абай облысы Полиция департаменті еске салады: алкогольдік мас күйінде, оның ішінде жүргізуші куәлігінен айырылған жағдайда көлік басқару – жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», – делінген облыстық ПД хабарламасында.