$ 494.28  587.06  6.4
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

УЕФА президенті 2027 жылы Астанада сайланады

УЕФА-ның 51-кезекті конгресі Қазақстан астанасында өтеді

УЕФА президенті 2027 жылы Астанада сайланады
Фото: Uefa.com

2027 жылғы 4 наурызда Астанада УЕФА-ның 51-кезекті конгресі өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми мәліметке сәйкес, Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының кезекті отырысын Қазақстан қабылдайды. Конгресс аясында УЕФА-ға мүше 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері бас қосып, ұйым қызметіне қатысты стратегиялық шешімдер қабылдайды. Астанада өтетін жиын барысында УЕФА президенті сайланып, Атқарушы комитеттің жаңа құрамына дауыс беріледі.

Айта кетейік, 50-конгресс 12 ақпанда Брюссельде ұйымдастырылды. Онда ұйымның алдағы кезеңдегі даму бағыттарына қатысты бірқатар шешімдер бекітілген.

2027 жылғы конгресс Қазақстан аумағында бұрын-соңды өткізілген ең ауқымды халықаралық футбол іс-шараларының бірі болмақ. Ұйымдастыру және өткізу шығындарын УЕФА толық өз мойнына алады.

Қазақстан УЕФА құрамына 25 сәуір 2002 жылы қабылданған. Осы шешімнен кейін ұлттық құрама Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдеріне қатысуға мүмкіндік алып, қазақстандық клубтар Чемпиондар лигасы мен өзге де еурокубоктық жарыстарда өнер көрсету құқығына ие болды.