$ 490.58  584.77  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да сотталғандар түрмеде отырып, студенттермен әңгімелесті

Іс-шараға 100-ден астам студент қатысты

ШҚО-да сотталғандар түрмеде отырып, студенттермен әңгімелесті
Фото: ШҚО ПД/Видеодан скрин

Шығыс Қазақстан облысында студенттер мен сотталғандар арасында телемост өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шараға ШҚО прокуратурасы, Қылмыстық - атқару жүйесі департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және «Жастар Рухы» ЖҚ облыстық филиалының өкілдері қатысты.

«Кездесудің басты мақсаты – жастарға сотталған азаматтардың өмірлік тәжірибесі негізінде құқықтық жауапкершілікті түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу мен заңға бағыну мәдениетін қалыптастыру. Телемост форматында өткен іс-шараға 100-ден астам студент қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құкықтық сауаттылығын арттырды», – деп жазады ШҚО ПД.

Кездесу барысында темір тордың ар жағында отырған азаматтар өз өмір жолы туралы айтып, қателіктері мен салдары және заң бұзушылықтың зардаптары жөнінде ашық сөз қозғады.