$ 490.58  584.77  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық колледж халықаралық аккредитациядан сәтті өтті

Білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларының халықаралық талаптарға сай болған

Қазақстандық колледж халықаралық аккредитациядан сәтті өтті
Фото: gov.kz

Жол-көлік колледжі Оңтүстік Корея Республикасының ABEEK аккредиттеу жүйесі аясында «Global Sapa» халықаралық академиясымен бірлесіп, халықаралық аккредитациядан сәтті өтті, деп жазады Azattyq Rýhy 

Аккредиттеу үдерісі халықаралық сарапшылардың қатысуымен бекітілген жұмыс бағдарламасы мен кестеге сәйкес бірнеше кезең бойынша өткізілді.

Бағалау барысында колледждің білім беру жүйесінің құрылымы, басқару тетіктері, кадрлық әлеуеті, материалдық-техникалық базасы және нормативтік-құқықтық құжаттамалары жан-жақты сарапталды.

Сонымен қатар білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарларының халықаралық талаптарға сәйкестігіне ерекше назар аударылған.Шетелдік сарапшылар колледждің оқу-өндірістік машықтандыру үдерісімен танысып, заманауи жабдықталған шеберханалар мен зертханалардағы практикалық сабақтардың ұйымдастырылу деңгейін жоғары бағалады.