12.02.2026, 13:58
Жаңалықтар
Астанада небәрі бір ай ішінде ондаған баланы көлік қағып кетті
Елордалық полиция қабылданып жатқан шаралар туралы айтты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Астанада 2026 жыл басталғалы бері қала көшелерінде ондаған баланы көлік қағып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қала әкімдігінің мәліметінше, елордадағы оқу орындарының маңында сабақтың басталуы мен аяқталуы кезінде патрульдеу күшейтілді, жылдамдық режимін сақтау мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережелерінің орындалуына ерекше назар аударылуда.
Жыл басынан бері елордада кәмелетке толмағандардың қатысуымен шамамен 30 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Ата-аналарға балаларға жолда қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үнемі еске салу ұсынылады:
- жолды тек белгіленген жерлерден және бағдаршамның рұқсат беретін белгісінде, көліктің толық тоқтағанына көз жеткізгеннен кейін ғана кесіп өту;
- жолдан өту кезінде құлаққап пен ұялы телефонды пайдаланбау;
- қоғамдық көлікке міну және түсу барысында сақ болу;
- қараңғы уақытта киімге жарық шағылыстыратын элементтерді тағу.
Көп оқылған
27.06.2026, 09:19
Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы пара алғаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды
27.06.2026, 11:20
Қорғас тас жолындағы қайғылы апаттан бір отбасы қаза тапты
27.06.2026, 13:14
Жетісу облысындағы жол апатынан бес адам қаза тапты
27.06.2026, 08:32
Телефон мен биометрияны пайдаланатын жаңа алаяқтық: Ұлттық банк халыққа үндеу жасады
27.06.2026, 10:00
Еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды