11.02.2026, 15:15
Жаңалықтар
Қазақстан азаматы елді алдап, 30 млн теңге тапқан соң Түркияға қашып кеткен
Ол осы қылмысы үшін 10 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com
Түркия Республикасынан Қазақстан Республикасының азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Прокуратураның мәліметінше, қылмыскер алдау жолымен жәбірленушіні қылмыстық жауаптылықтан босату үшін 30 млн теңге көлемінде пара беруге көндірген, сондай-ақ ресми құжатты қолдан жасаған.
Алқабилердің қатысуымен өткен соттың үкімімен сотталушы пара беруге айдап салғаны, алаяқтық жасағаны, құжаттарды қолдан жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.
«Сот үкімі заңды күшіне енді. Аталған факт жасалған қылмыстар үшін, сот төрелігінен жалтару әрекеттеріне қарамастан, қылмыстық жауаптылықтың бұлтартпастығын көрсетеді», – делінген хабарламада.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды