33 градус аяз болады: алдағы бірнеше күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Синоптиктердің болжамы белгілі болды
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын болжанады.
Республика бойынша желдің күшеюі, тұман күтіледі, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады.
«Температуралық фонда біртіндеп жылыну күтіледі: Батысында түнде 15-25° аяздан 2-12° аязға дейін, күндіз 5-15° аяздан 5° аяз – 5° жылуға дейін. Солтүстігінде, солтүстік-батысында түнде 20-31° аяздан 15-25° аязға дейін, күндіз 15-22° аяздан 5-13° аязға дейін. Орталығында түнде 20-31° аяздан 12-23° аязға дейін, күндіз 10-20° аяздан 1-12° аязға дейін жылыну күтіледі. Республиканың шығысында түнде ауа температурасы 13-23° аяздан 25-33° аязға дейін төмендейді», – делінген синоптиктердің болжамында.