$ 490.58  584.77  6.34
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қостанай облысында бүтін бір ауыл арақ-шарап сатудан бас тартты

Амангелді ауданында осындай шешім қабылданды

Қостанай облысында бүтін бір ауыл арақ-шарап сатудан бас тартты
Фото: istockphoto.com

Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Қабырға ауылдық округі аумағында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, тұрмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдер арасында теріс әлеуметтік құбылыстарға жол бермеу үшін сауда орындарында алкогольдік ішімдіктерді ерікті түрде сатпау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл шешім ауыл тұрғындарының әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтың алдын алуға және балалар мен жасөспірімдердің зиянды әдеттерден қорғалуына бағытталған.

Ауылдағы дүкен иелерімен алдын ала түсіндіру жұмысы жүргізіліп, кәсіпкерлер алкогольдік өнімдерді сатудан бас тартатыны жөнінде келісім берді. Бұл ауылда жалпы 214 тұрғын тұрады.

«Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама бойынша барлығы алкоголь сатылымының ауылда болмағанын және сатылмағанын қолдайтынын білдірді. Аудан бойынша жалпы 9 ауылдық округтің ішінде Қабырға ауылдық округі осындай бастаманы толық жүзеге асырған алғашқы округтердің бірі болып отыр.

Аудан прокурорының жеке кездесуінде Қабырға ауылының құрметті азаматтары мен ақсақалдар қауымы тарапынан алкогольдік ішімдікті сатпау бойынша қолдау білдірілді.

Сонымен қатар, Қабырға ауылында соңғы 3 жыл көлемінде алкогольдік ішімдікті пайдаланумен байланысты қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтар орын алмаған.

Аудан прокуратурасы түсіндіру жұмысының бастамашысы болып, жергілікті атқарушы органдармен және кәсіпкерлермен үйлестіруді қамтамасыз етті, сондай-ақ алкоголь өнімдерін сатудан ерікті түрде бас тарту туралы қабылданған шешімнің заңдылығына қадағалау жасады», – делінген прокуратура хабарламасында.