Оралда алаяқтық іс бойынша жасырынып жүрген ер адам түнгі клубта қолға түсті
Ол арнайы технологиялардың көмегімен анықталды
Орал қаласында жасанды интеллект көмегімен іздеуде жүрген азамат қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның мәліметінше, қаланың түнгі клубтарының бірінде орнатылған бейнебақылау камерасы келушіні тіркеді. Тұлғаны тану функциясымен жабдықталған бейнеаналитика жүйесі автоматты түрде іздеуде жүрген адамдардың дерекқорымен салыстырып, сәйкестікті анықтады. Сәйкестік туралы сигнал нақты уақыт режимінде жедел басқару орталығына түсті. Араға санаулы минуттар салып, патрульдік полиция қызметкерлері ер адамның орналасқан жерін анықтап, оны ұстап, полиция бөліміне жеткізді.
Анықталғандай, азамат Ақтөбе облысы аумағында жасалған алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілініп, іздеуде болған.
Бүгінде технология қауіпсіздікке қызмет етуде: цифрлық бейнеаналитика полицияның жедел әрекет етуін жеделдетіп, іздестіру жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.