09.02.2026, 19:02
Жаңалықтар
Қазақстанның бірқатар өңірінде тасжолдар жабылды
Жолдарды 10 ақпан күні сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр
Фото: istockphoto.com
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты тасжолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«КазАвтоЖол ҰК» АҚ деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі уақытта еліміздің республикалық маңызы бар мына автожолдарында барлық көлік түрінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі:
- Ұлытау облысы: Жанаарқа елді мекенінен Қарағанды облысының шекарасына дейін;
- Қарағанды облысы: Ұлытау облысының шекарасынан Топар елді мекеніне дейін;
- Қызылорда облысы: Арал қаласынан Қызылорда қаласына дейін;
- Қарағанды облысы Ботақара ауылы – Қарқаралы ауылы.
Жолдарды 10 ақпан күні сағат 09:00-де ашу жоспарланып отыр.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды