$ 494.75  586.77  6.38
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады

Әңгімелесу барысында инвестициялық ықпалдастыққа баса мән берілді

Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасын қабылдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group корпорациясының төрағасы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесі Бүкілқытайлық комитетінің тұрақты комитет мүшесі, Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасының төрағасы Цай Гуаньшэньмен кездесті.

Мемлекет басшысы Қазақстан Қытай Халық Республикасымен арадағы мәңгі әрі жан-жақты стратегиялық серіктестікті белсенді түрде дамытуға айрықша маңыз артатынын атап өтті. Осы орайда Президент 2013 жылы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин алғаш рет Астанада ұсынған «Бір белдеу, бір жол» бастамасы табысты іске асырылып жатқанына назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі елдің сауда-экономикалық байланыстарының қарқынына жоғары баға беріп, бүгінде Қытай Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі саналатынын, тауар айналымы жыл сайын рекордтық межені бағындырып отырғанын айтты.

Әңгімелесу барысында инвестициялық ықпалдастыққа баса мән берілді. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан шетелден инвестиция тартуға жағдай жасап, бірлескен стратегиялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсетеді.

Президент әлем жасанды интеллектінің белсенді даму кезеңіне қадам басқанын атап өтті. Бұл бағытта Қытай көш бастап тұр. Мемлекет басшысы Қытай тарапымен аталған салада ынтымақтастықты дамытуға ниет білдірді.