$ 494.63  583.22  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодарда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірімді көлік қағып кетті

Ол ауруханада көз жұмды

Павлодарда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жасөспірімді көлік қағып кетті
Фото: istockphoto.com

Павлодарда жол-көлік оқиғасы салдарынан 13 жастағы жасөспірім қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға салдарынан 13 жастағы бала жаяу жүргіншілер өткелінде көлік қағып кеткен. Апат Павлодар қаласына қарасты Кенжекөл ауылында болды.

Полиция кәмелетке толмаған жаяу жүргіншінің алған жарақаттарынан ауруханада көз жұмуына байланысты қылмыстық іс қозғады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, 6 ақпанда Кенжекөл ауылы маңындағы автожолда Jac маркалы автокөліктің жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция осындай жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жылдамдық режимін бұзбауға, әсіресе қозғалыс қарқынды учаскелерде абай болуға, көліктің техникалық жағдайын бақылауға және ауа райы өзгерістерін ескеруге шақырды.