$ 494.63  583.22  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Нұрлан Сабуров өзіне қатысты Ресейдегі шектеулер жөнінде алғаш рет пікір білдірді

Комик мәселені заңгерлер қарап жатқанын айтып, дауға қатысты әзірге толық ақпарат бере алмайтынын айтты 

Нұрлан Сабуров өзіне қатысты Ресейдегі шектеулер жөнінде алғаш рет пікір білдірді
Фото: @nurlan__saburov/instagram

Танымал стендапер Нұрлан Сабуров Ресей аумағына кіруіне қатысты туындаған жағдайға қатысты алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында бұл мәселемен қазір заңгерлер айналысып жатқанын айтып, құқықтық рәсімдер аяқталғанша кеңінен түсініктеме бермейтінін жеткізді. Әртіс уақыт өте келе барлық жайт өз орнына келетініне сенім білдірді. 

Сабуров мәлімдемесінде өзінің шығармашылық жолына да тоқталды. Оның айтуынша, стендаптағы кәсіби қадамы шамамен 15 жыл бұрын Екатеринбургте басталып, кейін Мәскеуде жалғасқан. Осы жылдар ішінде ол Ресейдің көптеген қаласында өнер көрсетіп, түрлі ұлт өкілдерінен құралған кең көрермен аудиториясын қалыптастырды. 

Әзілкеш өзін өнер иесі ретінде шыңдауға мүмкіндік берген ортаға ризашылығын білдіріп, көрермендерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ ол БАҚ өкілдері мен блогерлерге жеке өміріне құрметпен қарауды сұрап, отбасы мүшелерін бұл тақырыпқа араластырмауға шақырды.