ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Екі қалада ауа сапасы нашарлайды: синоптиктер ескерту жасады

Бұл қалаларда зиянды қалдықтар ұзақ сақталады

Екі қалада ауа сапасы нашарлайды: синоптиктер ескерту жасады
Фото: © istockphoto.com

7 ақпан күні Ақтөбе мен Атырау қалаларында ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Синоптиктер қолайсыз метеорологиялық жағдайлар туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Қазгидромет» таратқан мәліметке сәйкес 7 ақпан күні күндіз – Ақтөбе қаласында, 7 ақпанға қараған түні – Атырау қаласында ауа ластануының жоғарылауына әкелетін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеожағдай деген не?

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына және және зиянды қоспалардың таралуына қолайсыз жағдайлардың (желдің әлсіреуі, тұман, температура инверсиясының кешігуі қабаттарының пайда болуы) болуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар.

Осындай жағдайда зиянды қалдықтар ауада ұзақ сақталып, тыныс алу жолдарына кері әсер етуі мүмкін.

Тұрғындарға қандай сақтық шаралары ұсынылады?

Мамандар ҚМЖ кезінде келесі кеңестерді ұстануға шақырады:

  • ашық ауада ұзақ уақыт жүрмеу, әсіресе автожолдар мен өндірістік аймақтар маңында болмау;
  • мүмкіндігінше терезелерді ашуды шектеу;
  • өкпе, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулары бар адамдарға сыртқа шыққанда қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүру.

Бұл шаралар денсаулыққа түсетін салмақты азайтуға көмектеседі.