Оралда жолдан өтіп бара жатқан адамды көлік қағып кетті: ол оқиға орнында көз жұмды
Қайғылы оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Оралда жолаушылар өткелінен өтіп бара жатқан адам мас жүргізуші қағып кетті. Жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
15 қаңтар күні шамамен сағат 9:23-те Құрманғазы көшесінде, «Школьник» сауда үйінің қарсы бетінде Toyota Camry көлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды.
Полиция өкілдері медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізушінің мас күйде болмағанын мәлімдеді.
«Сол күні-ақ Орал қаласының Полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі («Жол жүрісі қағидаларын бұзу») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысын бастады. Көліктің құжаттары мен жүргізуші куәлігі талапқа сай болған. Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 17 қаңтарда мамандандырылған қалалық сот оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», – делінген жауапта.
Істі жан-жақты әрі объективті қарау үшін сот сараптамалары тағайындалғаны хабарланды.