06.02.2026, 11:58
Жаңалықтар
Оралда газ тасып бара жатқан жүк көлігінен өрт шықты
Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жоғары дәрежемен жіберілді
Фото: ҚР ТЖМ/Видеодан скрин
Оралда газ тасып бара жатқан жүк көлігінен өрт шыққаны хабарланды, деп жазады Azattyq Rýhy.
ҚР ТЖМ мәліметінше, бүгін 112 пультіне Орал қаласының Конкин көшесіндегі ЖШС аумағында газ тасығыштың дөңгелектерінің жануы туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жоғары дәрежемен жіберілді. Өрт сөндірушілер 15 текше метр газ тұрған газ цистернасын салқындату бойынша жұмыстар жүргізді.
«Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында цистернаның жарылысын болдырмау мүмкін болды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Көп оқылған
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 15:34
Немересін танымайды, қазір ішкен тамағын қазір ұмытады: Астанада деменция белгілері бар қарттарға арналған балабақша ашылды
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
06.11.2026, 10:59
«Адам сенгісіз оқиға»: Алматының дәрігерлері 8-қабаттан құлаған 13 жастағы бозбаланы аман алып қалған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды