Арыста теміржол станциясында болған қайғылы оқиға: тың мәлімет жарияланды
Костуин станциясындағы оқиға туралы ақпарат белгілі болды
Арыс қаласында теміржол станциясында пойыз қағып кеткен жұмысшының өліміне қатысты тың мәлімет жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиға 2 ақпан күні сағат 16:10-да Арыс-Түркістан учаскесінде Костуин станциясында болған.
«№77 «Алматы – Маңғыстау» жолаушылар пойызының машинисі 78 км/сағ жылдамдықпен келе жатып, шұғыл тежеуді қолданғанына қарамастан, адам өліміне әкеп соққан оқиғаға жол берді. Жапа шегуші – ӘТЖК қызметкері.
Түркістан ст. ЖПБ хабарланды. Тергеуді арнайы комиссия жүргізіп жатыр», – делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның агенттік тілшісіне берген түсініктемесінде.
Айта кетейік, осыған дейін Арыста теміржол бойына шығып алған ер адамды пойыз қағып кеткені хабарланған.