04.02.2026, 15:43
Жаңалықтар
Нипах вирусының алдын алу: қазақстандық туристерге ескерту жасалды
Дәрігерлер алдын алу жолдарын ұсынды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елге нипах вирусының енуінің алдын алу мақсатында Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне баратын қазақстандық туристерге арналған ұсынымдарды жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мамандар мынаны ұсынады:
- жарқанаттар, доңыз және басқа да жануарларға жоламау;
- жеке бас гигиенасы талаптарын сақтау, қолды сабынмен жиі жуу немесе антисептик қолдану;
- тек қауіпсіз ауызсуды тұтыну;
- шикі финик шырынын ішпеу және жануарлар ластауы мүмкін өнімдерді тұтынбау;
- жеміс-жидек пен көкөністерді қолданар алдында мұқият жуу және тазалау.
«Дене қызуының көтерілуі, жөтел немесе қатты бас ауруы сияқты белгілер пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет», – деп мәлімдеді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде.
Көп оқылған
05.11.2026, 11:35
Қылмыс солай ашылды: Павлодарда алты жасында нағашы ағасы зорлаған қыз ауыр қылмысты ChatGPT-ге айтып берген
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды