Петропавлда 20 күн бойы ізделген 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды
Із-түзсіз жоғалған Ролан Зуевтің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Петропавл қаласында хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы Ролан Зуевтің мәйіті қала маңындағы орман аумағынан табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала деректерге сәйкес, марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта оның өліміне не себеп болғаны сарапталып, тиісті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты зерттелмек.
Еске сала кетейік, Ролан Зуев қаңтар айының ортасында үйінен шығып кеткеннен кейін байланысқа шықпаған. Жігіттің жоғалғаны туралы полицияға оның әпкесі арыз түсірген. Содан бері жас жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілген.