03.02.2026, 13:39
Жаңалықтар
Абай облысында 50 адам мінген автобус аударылып қалды
Автобуста вахталық жұмысқа бара жатқан 50 жұмысшы болған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Семей-Қайнар тасжолында 31 қаңтар күні таңертең жұмысшылар мінген автобус аударылып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Апат тасжолдың 62-шақырымында, Знаменка ауылы маңында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, 52 жастағы жүргізуші басқарған SETRA маркалы автобус жол жиегіне шығып кетіп, бір шетіне аударылған. Автобуста вахталық жұмысқа бара жатқан 50 жұмысшы болған.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушылар әртүрлі дене жарақатын алғанымен, олардың өміріне қауіп жоқ. Зардап шеккендерге уақытылы қажетті медициналық көмек көрсетілді», – делінген хабарламада.
Оқиға бойынша полиция тексеру жұмысын бастап, жол апатының себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.
Көп оқылған
04.11.2026, 17:54
Қуандық пен Сағындық: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Қозыке әулетінің құпиясын жайып салды (ВИДЕО)
04.11.2026, 16:09
Павлодарда мектеп басшылығы екі оқушы қыздың зорланғаны туралы полицияға хабарлаған
04.11.2026, 09:00
Түркия, Оңтүстік Корея, Ресей: биыл әлемнің қай елдерінде қазақстандықтар көз жұмды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды