$ 505.17  599.54  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісу облысында ішіп алған ер адам 3 жасар баласы мен әйелін көкала қойдай етіп сабаған (ВИДЕО)

Полиция ер адамды өз үйінде мас күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады

Жетісу облысында ішіп алған ер адам 3 жасар баласы мен әйелін көкала қойдай етіп сабаған (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Жетісу облысында ішімдікке сылқия тойып алған ер адам 3 жасар баласы мен әйелін көкала қойдай етіп сабап тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Талдықорған қаласында болған. Сәби мен анасы қазір облыстық ауруханада жатыр. Осыған қатысты облыстық Полиция департаменті ресми пікір білдірді.

Полицияның мәліметінше 2 ақпан күні сағат 21:00-де «102» арнасына медициналық мекемеден үш жасар баланың зорлық-зомбылық белгілері бар дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түсті.

«Аталған дерек бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері баланың әкесін тұрғылықты мекенжайы бойынша алкогольдік масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.

Қазіргі уақытта анасы баламен бірге медициналық мекемеде, жәбірленуші балаға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр

Қазіргі таңда орын алған оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.