$ 501.02  597.27  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оңтүстік Кореяда зауыт өртке оранып, қазақстандық із-түзсіз жоғалып кетті

Өрттен кейін цех ішінен белгісіз мәйіт табылып, тағы бір жұмысшы хабар-ошарсыз кеткен

Оңтүстік Кореяда зауыт өртке оранып, қазақстандық із-түзсіз жоғалып кетті
Фото: istockphoto.com

Оңтүстік Корея Республикасының Мэндон-мен қаласында орналасқан азық-түлік пен сусындар өндіретін кәсіпорында болған өрттен кейін Қазақстан азаматы табылмай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 30 қаңтар күні өндірістік нысанда тіркелген. Өрт шыққан сәттен кейін кәсіпорыннан 81 қызметкер жедел түрде эвакуацияланған. Алайда екі жұмысшы, оның ішінде Қазақстан азаматы, сол күйі есепке алынбаған.

Полиция мен өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, 31 қаңтар күні таңертең өртенген цех аумағынан жеке басы әзірге анықталмаған мәйіт табылған. Сонымен қатар тағы бір адамның қайда екені белгісіз күйде қалып отыр.

Марқұмның жеке тұлғасын нақтылау үшін оның денесі Ұлттық ғылыми зерттеулер институтына жіберілген. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

ҚР Сыртқы істер министрлігі жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасап, елшіліктің жергілікті полициямен, өрт сөндіру қызметтерімен және жоғалып кеткен азаматтың туыстарымен тығыз байланыста екенін хабарлады. Қайғылы оқиғаға қатысты барлық мәселе дипломатиялық өкілдіктің тұрақты бақылауында.