$ 501.02  597.27  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде салықшы кәсіпкерден 3 мдн теңге пара бопсалаған

Кәсіпкерден бюджетке 44 млн теңге төлеуді талап еткен

Ақтөбеде салықшы кәсіпкерден 3 мдн теңге пара бопсалаған
Фото: Azattyq Rýhy/Әсет Құндақбаев

Ақтөбеде Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы ірі көлемде пара алғаны үшін айыпты деп танылды. Шенеунік кәсіпкердің «мәселесін шешіп беру» үшін 3 млн теңге талап еткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Диапазон» басылымына сілтеме жасап.

Көлік тасымалы мен 44 миллиондық дау

Бәрі 2024 жылдың қаңтарында басталған. Комитет 2021-2023 жылдары Қазақстанға әкелінген көліктердің декларациясын тексеріп, Ақтөбедегі тасымалдаушыдан қателік тапқан.

Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерден бюджетке 44 млн теңгетөлеуді талап етіп, сотқа жүгінген. Сот процесі ұзаққа созылған: бір инстанция департаментті, екіншісі кәсіпкерді қолдап, жағдай ушыға түскен.

Пара алу сәті: 3 млн теңге және ҰҚК операциясы

2024 жылдың қыркүйегінде кезекті тексеріс басталғанда, департаменттің бас маманы кәсіпкерге «көмек» ұсынған. Ол тексерісті тоқтату үшін 3 миллион теңге сұраған. Кәсіпкер бұл бопсалау туралы бірден Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарлайды.

Жедел операция қалай өтті: Жүргізуші нұсқауымен 1 миллион теңге Nissan Maxima көлігіне салынды. Маресьев көшесіндегі дәмхана маңында қалған 2 миллион теңге берілген сәтте күдікті қолға түсті.

Сот үкімі: Миллиондаған айыппұл

Сот залында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтып, кешірім сұрады. Алайда заңның аты – заң.

Сот шешімімен экс-шенеунік пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 67,5 миллион теңгекөлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Бұл ол талап еткен пара көлемінен 22 еседен астам көп.