$ 501.02  597.27  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бүгіннен бастап сыра қымбаттайды

Жаңа талап сыра өндірісі мен саудасын толық бақылауға алуды көздейді

Бүгіннен бастап сыра қымбаттайды
Фото: pixabay.com

Бүгін, 1 ақпаннан бастап Қазақстанда сыра мен сыра өнімдеріне міндетті цифрлық таңбалау енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жаңа талапқа сәйкес, осы күннен кейін өндірілген бөшкедегі және бөтелкедегі сыра өнімдерінің барлығы Data Matrix коды арқылы таңбалануы тиіс. Бұл жүйе өнімнің өндірістен бастап соңғы тұтынушыға дейінгі қозғалысын толық бақылауға мүмкіндік береді.

Міндетті цифрлық таңбалау өндірушілерге, импорттаушыларға және бөлшек сауда өкілдерінің барлығына – шағын дүкендерден бастап, барлар, кафелер мен мейрамханаларға дейін қолданылады. 1 ақпаннан кейін таңбаланбаған сыраны өндіруге және импорттауға тыйым салынды. Ал бұрын шығарылған өнім қалдықтарын бір жыл ішінде сатуға рұқсат етіледі.

Жаңа талапқа байланысты бизнес кассалық жүйелерін жаңғыртып, Data Matrix кодын оқитын 2D-сканерлерді енгізуі қажет. Сату кезінде код сканерленіп, өнім автоматты түрде айналымнан шығарылады.

Міндетті цифрлық таңбалау енгізілуіне байланысты сыра өндіру шығындары орта есеппен 8–12 пайызға өседі. Жаңа жабдық сатып алу, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу және оны әкімшілендірумен байланысты шығындар өнімнің өзіндік құнына қосылмақ. Соның салдарынан өзгеріс соңғы бағаға әсер етіп, тұтынушылар үшін сыраның қымбаттауына әкелуі мүмкін.