Тоқаев Рыбакинаны Australian Open-дегі жеңісімен құттықтады
Теннисші Мельбурн төрінде тарихи нәтиже көрсетті
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мельбурн төрінде тарихи нәтиже көрсеткен Елена Рыбакинаға құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы отандасымыздың бұл жетістігіне бүкіл әлемдік теннис қауымдастығы тәнті болғанын атап өтті. деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әлем таңдай қақты»: Президенттің ыстық лебізі
Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында Еленаның шеберлігі мен жеңіске деген мұқалмас ерік-жігеріне жоғары баға берді.
«Сізді кезекті зор спорттық жетістігіңізбен – Аустралия ашық чемпионатындағы жарқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз өзіңіздің кемел техникаңыз бен жеңіске деген ерік-жігеріңізді тағы да сенімді түрде көрсетіп, бүкіл әлемдік теннис қауымдастығы тәнті болған нәтижеге қол жеткіздіңіз», – делінген құттықтауда.
Сондай-ақ президент спортшыға алдағы ең беделді турнирлерде де табыс тіледі.
Финалдағы ерлік
Айта кетерлігі, бұл жеңіс қазақ теннисі үшін нағыз сенсация болды. Australian Open финалында Елена Рыбакина әлемдік рейтингтің көшбасшысы, беларусьтік Арина Соболенконы жеңіп, чемпион атанды.
Еленаның бұл жетістігі еліміздегі мыңдаған жас спортшыға үлкен мотивация сыйлары анық.