Үкіметтің Құрылтай алдында қандай міндеті болатыны анықталды
Халық кеңесің Қазақстан халқының мүддесін білдіреді
Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Конституциялық кеңестің алтыншы отырысында жаңа Конституцияда үкімет пен Халық кеңесіне қандай өкілеттіктер берілетінін айтты, деп жазады Azattyq Rýhy.
«Бірпалаталы Құрылтайға көшуге байланысты көп ережелер нақтыланды. Олар үкімет пен оның мүшелерінің Құрылтай алдындағы жауаптылығы мен есеп беру, сенімсіздік квотумын білдіру, Құрылтайға заң жобаларын енгізу, республикалық бюджеттің атқарылуына қатысты есеп беру бөлімдерінен тұрады»,- деді Нұрмұханов.
Оның айтуынша, Халық кеңесі жоғары консультативтік орган ретінде Қазақстан халқының мүддесін білдіреді.
«Атауы қос мәтінде қазақ тілінде жазылып отыр. Оның Құрылтайға заң жобаларын енгізу, рефрендум тағайындау туралы ұсынысқа бастама жасау және өзге де өкілеттіктері белгіленді», - деді ол.
Ол атағандай, Конституциялық соттың құрамына, судьялардың өкілеттік мерзіміне, құзыры мен өкілеттіктеріне қатысты нормалар негізінен сақталды.