$ 501.02  597.27  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дағыстанда ер адам әйелін «Лада Приора» көлігі үшін өлтіріп, денесін өртеп жіберген

Жасауға келген көлікті ер адам рұқсатсыз сатып жіберген

Дағыстанда ер адам әйелін «Лада Приора» көлігі үшін өлтіріп, денесін өртеп жіберген
Фото: видеодан скриншот

Дағыстанда ер адам әйелін «Лада Приора» дауына байланысты өлтіріп, денесін бөлшектеп тастаған. Қылмыс әлеуметтік желілерде кеңінен талқыланып жатыр, деп жазады Azattyq Rýhy.

Дағыстан тұрғыны Ражидин Яралиев, әйелін өлтіріп, денесін бөлшектеді деген күдікке ілінді. Қылмысқа себеп болған дау жасау мәселесі.

Мәліметтер бойынша, көз жұмған әйел – оның жаңа некедегі жұбайы, олар жақында ғана заңды некеге тұрған. Неке кезінде ер адам жасау ретінде «Лада Приора» алған. Кейін сұраусыз көлікті 600 мың рубльге сатып жіберген. Әйелі мұндай шешімді қабылдамаған және көліктің ұрланғаны туралы полицияға арыз жазған.

Осыдан кейін Ражидин әйелімен сөйлесу үшін үйіне барған. Ал алты күннен соң оның өртеніп, бөлшектелген денесі ауылдың сыртынан табылған.

Ол қылмысты өзі жасағанын мойындаған.