$ 501.02  597.27  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді

Жер сілкінісі 2026 жылғы 30 қаңтарда Астана уақытымен сағат 07:54-те тіркелді

Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді
Фото: istockphoto.com

Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстан аумағында болған жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институтына қарасты Ұлттық деректер орталығы жер сілкінісін 2026 жылғы 30 қаңтарда Астана уақытымен сағат 07:54-те тіркеген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласының оңтүстік-батысында, Қырғызстан аумағында орналасқан. Магнитудасы – 3,9, энергетикалық класы – 9.

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Жан-Бұлақ ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 6 шақырым, Достық ауылынан шығысқа қарай 7 шақырым және Нарын қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 24 шақырым жерде орналасқан.

Қырғызстанның елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқыны: Жан-Бұлақ, Достық, Ақ-Талаа ауылдарында шамамен 3,5 балл, Таш-Бұлақ, Құланақ, Мин-Бұлақ, Емгек-Талаа ауылдарында – 3 балл, ал Нарын қаласында 2,5 баллды құрады.