Жаңаөзенде 44 жастағы әйелді экс-күйеуі пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді
Қайғылы оқиға 29 қаңтар күні болды
Жаңаөзенде 44 жастағы әйел адамды бұрынғы күйеуі пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қайғылы оқиғаны Маңғыстау облысының Полиция департаменті ресми түрде растап, 29 қаңтар күні болғанын мәлім етті.
«29 қаңтар күні Жаңаөзен қаласында пышақ жарақатынан 44 жастағы әйел адам көз жұмды. Марқұмның жұбайы күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал отбасылық-тұрмыстық жағдайда туындаған.
Аталған дерек бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген жауабында.