$ 503.17  600.89  6.63
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Семейде жұрттың зәресін алған қыз жындыханаға жататын болды

Жәбірленуші сталкинг жасағаны үшін тағы бір арыз жазбақшы

Семейде жұрттың зәресін алған қыз жындыханаға жататын болды
Фото: видеодан скриншот

Семейде жұрттың зәресін алған 24 жастағы қыз ақыры психиатриялық ауруханаға жатқан. Бұл жайлы одан зәбір көрген Аружан есімді қыз өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазған, депхабарлайды Azattyq Rýhy.

Жәбірленуші бастапқыда күдіктінің түрмеге қамалуын талап етпегенін атап өтті. Оның негізгі мақсаты жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету, яғни қарсы тараптың өзіне жақындамауын заңды түрде бекіту.

«Сол себепті мен тек бір ғана ресми арыз жазамын. Құқықтық шешімге сәйкес, бірнеше күннен кейін ауруханадан шыққан әйел маған жақындай алмайды. Әлеуметтік желіде «хайп үшін пайдаланып жатыр» немесе «осы жағдайдан пайда көргісі келеді» деп айыптаған пікірлерді де көрдім. Мен ешқандай моральдық өтемақы талап етпедім және адвокат жалдауға да жеке қаражат жұмсамадым», - дейді Аружан.

Сондай-ақ, ол өзін блогер емес екенін, жарияланымдардан қаржылай табыс таппайтынын нақтылады. Сондықтан бұл жағдайды әдейі жариялау арқылы танымал болу немесе пайда табу мақсаты болмағанын жеткізді.

Жәбірленушінің айтуынша, бұл оқиға оған ауыр психологиялық соққы болған. Қазір ол психологтың көмегіне мұқтаж. Қауіпсіздік үшін әр бес минут сайын анасына өзінің қайда екенін хабарлап отырады. Бұл жағдай оның өміріне елеулі із қалдырғанын, енді қорқыныш сезімімен өмір сүруге мәжбүр екенін жасырмады.

Ол бұл мәселені ашық айту арқылы басқа да жәбірленушілердің үнін естіртуге көмектескенін атап өтті. Кейінірек басқа адамдар да ұқсас оқиғаларды жариялай бастаған.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Семейде болған қорқынышты жағдайдың видеосы талқыланып жатыр: түнгі үште үйіне келіп, подьездің есігін ашып берген бойжеткенге 24 жастағы қыз тап берген. Аружан есімді бойжеткен таңғы 04:00-те жұмысынан үйіне келген. Ол кіреберіс есікті аша берген кезде соңынан бір бойжеткен ере кірген. Подъезге кірер кезде белгісіз қыз ұрыс шығарып, Аружанның бірінші кіргенін талап еткен. Тараған видеоларда ол барлық көршілерін аңдыған болып шықты. Кейін ол 85 мың теңге айыппұл төлеген еді.