Рыбакина Australian Open турнирінде Ига Швентекпен күш сынасатын болды
Ига Швентек Мэддисон Инглисті жеңді
Қазақстанның әйелдер арасындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Australian Open-2026 турниріндегі өнерін сәтті жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бесінші нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемдік рейтингте 21-орында тұрған бельгиялық Элизе Мертенсті сенімді түрде жеңді.
Кездесу екі сетте – 6:1, 6:3 есебімен аяқталып, 1 сағат 17 минутқа созылды.
Ойын барысында Рыбакина 10 эйс жасап, бір қос қателікке жол берді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін сәтті іске асырды. Сонымен қатар ол өз геймдерінде қарсыласына бірде-бір ұпай берген жоқ.
Ол енді ширек финалда қазақстандық спортшы аустралиялық Мэддисон Инглисті жеңген әлемнің екінші ракеткасы – польшалық Ига Швёнтекпен күш сынасатын болды.