Доллар арзандады: ұлттық валюта бір күнде 2,36 теңгеге нығайды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ұлттық банк ресми бағамды жариялады

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 503,35 теңгені құрады. Біп тәулікте доллар 2,36 теңгеге арзандап, ұлттық валютаның нығайғанын көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкі 23 қаңтарға арналған ресми доллар бағамын жариялады. Реттеуші дерегіне сәйкес, белгіленген ресми бағам бойынша бір доллар – 505,71 теңге.

Ал валюта нарығындағы жағдай айырбастау пункттерінде әрқалай қалыптасып отыр. Kurs.kz мәліметінше, еліміздің ірі қалаларында доллардың сатып алу және сату бағамы арасында айтарлықтай айырмашылық бар.

Атап айтқанда, Алматы қаласында долларды сатып алу бағамы орта есеппен 504,09 теңгені құраса, сату бағамы 506,36 теңгеге жеткен. Астанада айырбас орындары америкалық валютаны 503 теңгеден сатып алып, 510 теңгеден сатып жатыр. Ал Шымкент қаласында долларды орта есеппен 503,66 теңгеден қабылдап, 505,78 теңгеден сатуда.