$ 503.35  590.63  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қапшағайда мұз жарылып, балықшы ажалдан аман қалды

Қонаевтағы «Көгілдір шығанақта» ТЖМ қызметкерлері дер кезінде құтқару жұмыстарын жүргізді

Қапшағайда мұз жарылып, балықшы ажалдан аман қалды
Фото: freepik.com

Қапшағай су қоймасында мұз жарылып, суға түсіп кеткен балықшыны құтқарушылар аман алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Қонаев қаласының аумағында, Қапшағай су қоймасының «Көгілдір шығанақ» ауданында болған. Патрульдеу кезінде ТЖМ Жедел құтқару жасағының қызметкерлері мұз ойылып, су астына кетіп бара жатқан ер адамды байқап қалған.

Құтқарушылардың мәліметінше, балықшы суық суда өздігінен шыға алмаған. Арнайы құралдардың көмегімен ол жедел түрде қауіпсіз жерге жеткізіліп, алғашқы көмек көрсетілген. Абырой болғанда, зардап шеккен азаматқа медициналық көмек қажет болмады.

Төтенше жағдайлар қызметі мұздың тұрақсыз кезеңінде су айдындарына шығу аса қауіпті екенін ескертеді. Мамандар азаматтарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға, өмірге қатер төндіретін әрекеттерден аулақ болуға шақырды.