$ 503.35  590.63  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралдағы өндіріс орнында 39 жастағы жұмысшы қаза тапты

Қала тұрғындарының айтуынша, қайғылы оқиға шұжық цехында болған

Оралдағы өндіріс орнында 39 жастағы жұмысшы қаза тапты
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Орал қаласында өндіріс орнында адам өлімімен аяқталған қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, 23 қаңтар күні жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің өндірістік цехында 39 жастағы ер адам қаза тапқан. Алдын ала дерек бойынша, ол жұмыс барысында станокқа қысылып қалған. Алған жарақаты салдарынан жұмысшы оқиға орнында жан тапсырған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, жауапты тұлғалардың әрекеті мен өндірістегі техникалық жағдай жан-жақты тексеріледі.

Тұрғындар мен әріптестерінің айтуына қарағанда, қайғылы жағдай шұжық өндіретін цехта болған.