23.01.2026, 16:49
Жаңалықтар
Астанада мас күйінде көлік жүргізген судья қызметінен қуылды
Судьяға бұдан бөлек, 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған
Фото: Астана қаласының соттары
Жоғары Сот Кеңесі Әсел Досаеваны судьялық әдеп нормаларын бұзды деп танып, оны Астананың азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы қызметінен босатты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Судьяға бұдан бөлек, 200 айлық есептік көрсеткіш (786 400 теңге) көлемінде айыппұл салынғаны хабарланған.
Өткен жылдың қараша айында оның мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Айта кетейік, Қазақстанда 6 судья жауапқа тартылып, екеуі қызметінен қуылғаны хабарланған болатын.
Көп оқылған
11.09.2026, 14:46
Ақмолада бір топ шетелдіктің былығы әшкере болды: полиция олардың қайдан келгенін анықтады (ВИДЕО)
11.09.2026, 09:14
Жаңаөзенде аурухананың екі төсегін 210 млн теңгеге сатып алған: әкімнің экс-орынбасары тергеліп жатыр
11.09.2026, 22:09
Әкімді танымай қалды: Тоқаевтың қолынан марапат алған екі баланың тәтті қылығы елді күлкіге қарқ етті (ВИДЕО)
11.09.2026, 21:07
«Әпкесінің балабақшасына 1,3 млрд теңге аударған»: Түркістанда білім бөлімінің басшысына қатысты сұмдық ақпарат тарады