$ 505.71  591.43  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда 6 судья жауапқа тартылып, екеуі қызметінен қуылды

Жюри қарауына 10 судьяға қатысты 11 тәртіптік материал енгізілді

Қазақстанда 6 судья жауапқа тартылып, екеуі қызметінен қуылды
Фото: Жоғарғы сот кеңесі

Жоғарғы сот кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтіп, онда судьяларға қатысты тәртіптік материалдар қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жюри қарауына 10 судьяға қатысты 11 тәртіптік материал енгізілді. Бір жағдайда екі материал бір тәртіптік іс жүргізуге біріктірілген.

Отырыс қорытындысы бойынша алты судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Олардың ішінде:

  • төрт судья – сот істерін қарау кезінде заңдылықты өрескел бұзғаны үшін;
  • үш судьяға ескерту түріндегі тәртіптік жаза қолданылды;
  • бір судьяға сөгіс жарияланды;
  • екі судья судьялық әдеп талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Екі жағдайда да судья қызметінен босату туралы шешім қабылданды.

Екі судьяға қатысты тәртіптік іс-өндіріс олардың әрекеттерінде тәртіптік теріс қылық құрамы болмауына байланысты тоқтатылды.

Сондай-ақ тағы екі судьяға қатысты тәртіптік материалдарды қарау кейінге қалдырылды.

Сот жюриінің шешімдері әзірге заңды күшіне енген жоқ, себебі судьялар тәртіптік жазаларға байланысты Жоғарғы сот кеңесіне шағымдану құқығына ие.