$ 505.71  591.43  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шардара су қоймасындағы су деңгейі күрт төмендеді

Қаңтар айында су көлемі былтырғыдан 20 пайызға жуық азайған

Шардара су қоймасындағы су деңгейі күрт төмендеді
Фото: t.me/pavlov_centr

2026 жылдың қаңтар айында Шардара су қоймасындағы су көлемі өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай азайған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Павлов аналитикалық орталығының спутниктік деректеріне сәйкес, қазіргі таңда қойма небәрі 79% ғана толған. Ал дәл осы кезеңде былтыр су деңгейі 98,6% құраған. Әдетте қаңтар айында су қоймасы жылдық ең жоғарғы межеге жақын болады. Сондықтан биылғы көрсеткіш мамандарды алаңдатып отыр. Сарапшылардың ақпарынша, әзірге төтенше жағдай жоқ. Дегенмен айырмашылық айқын байқалады.

Мамандар су көлемінің төмендеуін күз бен қыс мезгілдерінде қоймаға құйылатын судың әдеттегіден аз болуымен байланыстырады. Бұған өзен арнасы арқылы келетін ағынның әлсіреуі, жоғары ағыс бойындағы су реттеу жұмыстары немесе қолайсыз ауа райы әсер етуі мүмкін.

Дерекке жүгінсек, жағдай осы қарқынмен жалғаса берсе, алдағы кезеңде су тапшылығы қаупі арта түсуі мүмкін. Бұл әсіресе ауыл шаруашылығы мен өңірдің экологиялық жағдайына кері әсер ететіні анық.