$ 503.35  590.63  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жамбылда неке саны ажырасудан алты есе көп: өңірде демографиялық өсім байқалады

Бір жылда 26 мыңнан астам сәби дүниеге келді

Жамбылда неке саны ажырасудан алты есе көп: өңірде демографиялық өсім байқалады
Фото: freepik.com

Жамбыл облысында халық санының табиғи өсімі тұрақты сақталып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы ұсынған дерекке сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша өңірде 26 625 сәби дүниеге келген. Бұл облыстағы демографиялық ахуалдың оң бағытта қалыптасып отырғанын аңғартады.

Отбасылық көрсеткіштер де көңіл қуантады. Өткен жылы Жамбыл облысында 6 030 жұп заңды некеге тұрған. Ал ажырасу бойынша тек 1035 жұп тіркелді. Осылайша, әрбір алтыншы неке ғана бұзылып отыр. Мамандар мұны өңір тұрғындарының отбасы құндылықтарына деген жауапкершілігінің артқанымен байланыстырады.

Бұдан бөлек, 2025 жылдың 12 айында азаматтық хал актілерін тіркеу саласында жалпы саны 54 370 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Соның ішінде салтанатты форматтағы рәсімдерге сұраныс айтарлықтай артқан. Бір жыл ішінде 165 жұп салтанатты түрде некесін қидырса, 66 отбасына жаңа туған сәбилерге арналған салтанатты куәлік табыстау рәсімі ұйымдастырылған.