Air Astana билеттеріне қатысты тексеру жүріп жатыр – министр
Air Astana билеттеріне қатысты даулы мәселе тексерілмек
Қазақстанда Air Astana авиакомпаниясының билеттеріне қатысты ықтимал манипуляциялар жеке тексеру аясында қаралатын болады. Бұл туралы ҚР көлік және коммуникациялар министрі Нұрлан Сауранбаев хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.
Министрдің айтуынша, егер овербукинг принципі қолданылмаса, ұшақтағы 10-15% орын бос қалады.
«Бос орындардың құны қалған жолаушылардың билеттеріне қосылады. Сондықтан бұл өзара тығыз байланысты мәселе», – деді Сауранбаев Мәжілістегі баспасөз брифингінде.
Сонымен қатар, министр Питер Фостердің, яғни Air Astana компаниясының экс-басшысының әйеліне қатысты дауға да түсініктеме берді. Әйелдің билеттерді сатып алу әрекеті қалған жолаушылардың құқықтарына зиян келтіргені айтылған болатын.
«Бұрынғы авиакомпания қызметкерінің жазған ақпаратын біз тексерудеміз. Оның шындыққа қаншалықты сәйкес келетіні тексеру нәтижесінде анықталады», – деді министр.