$ 507.05  594.82  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Бектенов жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерді бюджеттен қаржыландыруға мораторий жариялады

Жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерге қатысты да мораторий енгеді 

Бектенов жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерді бюджеттен қаржыландыруға мораторий жариялады
Фото: Ақорда

Үкімет басшысы Олжас Бектенов жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерді қаржыландыруға мораторий енгізіп, қымбат әрі элиталық мектептерді қаржыландыруды тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Мемлекет басшысы үкіметтің алдына білім беру саласын мемлекеттік қаржыландыру тетіктерін шұғыл реформалау, сондай-ақ қаржыландырудың нақты әрі ашық критерийлерін әзірлеу міндетін қойды. Осыған байланысты оқу-ағарту министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, жаңадан ашылатын жекеменшік мектептерде мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мораторий енгізуді тапсырамын», - деді Бектенов үкімет отырысында.

Бектеновтің айтуынша, мемлекеттік қаржыландыру тек өңірлерде оқушы орындарына деген шұғыл қажеттілікті өтейтін жекеменшік мектептерге ғана бағытталуы тиіс.

«Қымбат әрі элиталық мектептерді қаржыландыруды тоқтату қажет. Сонымен қатар, оқу-ағарту министрлігі бір ай мерзім ішінде жекеменшік білім беру ұйымдарының жаңа стандарттарға сәйкестігіне қатысты лицензиядан кейінгі бақылау жүргізіп, оның нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты ұсынуы тиіс», - деді Олжас Бектенов.