$ 507.05  594.82  6.51
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирін сенімді жеңіспен бастады

Ол енді франциялық Варвара Грачевамен кездеседі

Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирін сенімді жеңіспен бастады
Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатындағы (Australian Open) алғашқы кездесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бірінші айналымда WTA рейтингінде 5-орында тұрған және турнирде дәл осы нөмірмен тіркелген қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің 100-сатысындағы словениялық Кайя Юванды 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды.

Ойын барысында Рыбакина 5 эйс жасап, бірде-бір қос қателікке жол берген жоқ. Сондай-ақ екі брейк-пойнттың екеуін де сәтті пайдаланып, өз геймін бірде-бір рет қарсыласына бермеді.

Келесі кезеңде Қазақстан құрамасының көшбасшысы Франция өкілі Варвара Грачевамен кездеседі.

Айта кетейік, маусымдағы алғашқы «Үлкен дулыға» турнирін қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева да жеңіспен бастаған болатын.