20.01.2026, 14:58
Жаңалықтар
Әскери техниканың ішіне кірмек болған жасөспірім ажал құшты
Қайғылы оқиға Якутияда болды
Фото: Baza Telegram
Якутияда көрме үшін қойылған танктің ішіне кірмек болған жасөспірім ажал құшты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Baza Telegram каналының мәліметінше, Якутиядағы саябақта ұйымдастырылған ашық аспан астындағы әскери техника көрмесін аралап жүрген 16 жастағы оқушы танктердің бірін ішінен көрмек болып, түбіндегі люк арқылы ішке кірген. Алдын ала мәлімет бойынша, оны ауыр, қозғалмалы металл бөлшек басып қалған.
Жасөспірімді құтқару мүмкін болмады, ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.
Саябақ өкілдері жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. Қазіргі таңда оқиға орнында тергеу комитеті жұмыс жүргізіп жатыр.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
22.10.2026, 16:24
«Мына нанды жеп қойсаң, сеспей қатып өлесің»: «Бурабай» шипажайы тегін емделіп жатқан қарияларға көгерген нан берген (ФОТО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды